Қоғам

Жол-көлік оқиғасы көбейген

Жыл басынан бері облыс тас жолдарында 240 жол-көлік оқиғасы болған. Жол апаты салдарынан 338 адам жарақат алып, 43 адам көз жұмған.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратына сүйенсек, жол-көлік оқиғалары арасында автокөліктердің соқтығысуы, аударылуы және жаяу жүргіншілерді қағып кетуі секілді жағдайлар жиі кездеседі. Мамандар сөзіне сенсек, апаттарға негізінен жылдамдықты асыру және маневр жасау ережелерін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, сондай-ақ мас күйде көлік тізгіндеу сияқты жайттар себепші болады екен.

– Жазғы кезеңде халықтың демалыс орындарына көптеп шығуына байланысты облыстық маңызы бар автожолдарда көлік ағыны көбейе түседі. Бұл жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне себеп болуы мүмкін. Әсіресе балалар тізгіндейтін гироскутер, монодөңгелек, электросамокат, велосипед сынды  жеке қозғалыс құралдарына және мототехникаға ерекше назар аудару қажет, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметінен.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button