ТОП

Жол жөнделіп, ауызсу жеткізіледі

Аягөз ауданындағы жол жөндеу және ауызсу құбырларын тарту жұмыстары биыл да жалғасын таппақ. Бұл туралы қала көшелерін аралап, жұртшылықпен  кездескен аудан әкімі Сейілбек Ысқақов хабарлады.

Ол «Қуаныш» ықшам ауданындағы жол жөндеу және Талды көшесіндегі ауызсу құбырларын тарту жұмыстарымен танысты.

– Жалпы, биыл  Аягөз қаласының Дүйсенбаев, Байғабылов, Жамбыл, Жаңа көше-2, Нұғыманов, Чкалов – Нұрахметова, Шәкәрім, Жүнісов, Ақтамберді, Момышұлы сынды он көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ Чкалов – Нұрахметова, Жаңа көше-2, Дәуітбергенов, Апрошкина, Зенин – Сәрсенбаев, Жүнісов, Нұрпейісов, Ы.Сүлейменов, Уәлиханов, Құрманғазы – Болатов, Молдағұлова, Терешкова, Талды, Тоқтаров көшелеріне құмтас төселеді, – деді Сейілбек Ысқақов.

Сонымен қатар Қошқарбаев, Мүсапарбеков, Нұғыманов, Нұрахметов, Бигелдинов, Сәтпаев, Құлсейітов, Нұғыманов, Нұралинов, Аталыков, Шәкәрім, Жамбыл, Терлікбаев, Шайхан қари, Байшашев, Тәйкіманов, Отарбеков, Әділбаев, Болашақ, Барақ батыр, Қажымұқан, Гагарин, Аманкелді, Желтоқсан, Найманбаев, Ларшин, Маженов, Панфилов, Құрманғазы, Оспанов, Искаков, Саметов, Янушкевич, Молдағұлова, Бектібаев, Маметова, Шакенов көшелерінде ауызсу құбырлары тартылады.

Жұртшылықпен кездескен аудан басшысы мердігер мекемелерге атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырып, тұрғындарды құрылыс жұмыстарын жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, қадағалауға шақырды.

Берікхан Тайжігіт, Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button