Қоғам

Жол белгілері орнатылды

Азамат Темірбеков

Алтай ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар аясында жаңадан белгілер орнатылып, жол бөліктері тазартылды.

Осындай жұмыстардың бірі ретінде Алтай қаласында ашылған алғашқы стационарлық полиция бекетін айтуға болады. Халықпен кері байланыс орнатып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бұл жоба аясында жергілікті полиция қызметі аудан тұрғындарының қауіпсіз жүріп-тұруын қолдамақ.

Бұдан бөлек, қытымыр қыс маусымында жүргізуші мен жолаушы өміріне ерекше қауіп төндіретін жол бөліктеріне қажетті жол белгілері орнатылды. Атап айтсақ, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «ДЭУ-32» жол қызметі мекемесі республикалық маңыздағы «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары»  бағытындағы автомобиль жолының 125-153 шақырымдарына сигналдық мұнаралар орнатып, 97-130 шақырымдарда орналасқан жол бөлігіне тазарту жұмыстарын жүргізді.

Оған қоса, Бұқтырма өзенінің Тұрғысын ауылы тұсындағы бөгет ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 8 метрлік дамбаны биіктетіліп, 220 метрлік дренажды канал орнатылды.

Осы айдарда

Back to top button