Қоғам

Жоба өз миссиясын сәтті аяқтады

Дәурен Аллабергенұлы

«Шығыс адалдық алаңы» – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға негізделген, кедергісіз орта құруға, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халық үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба ретінде танылды.

Жобалық кеңсе 2019 жылы құрылды. Барлық қалалар мен аудандарда әкімдердің сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшілері тағайындалып, өңір тұрғындарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқарды.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде барлық қалалық және аудандық әкімдіктер «Ашық әкімдік» форматындағы сервистік модельге көшті.

Осы жылды есепке алғанда төрт облыстық маңызы бар қала, 15 аудан және 23 аудандық маңызы бар қалада, кент, ауылдық округтерде «Ашық әкімдік» кеңселері ашылып, бұл жұмысты жобалық кеңсе сәтті жүзеге асырды. Қазіргі таңда барлық кеңселер азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуде.

Жобалық кеңсеге соңғы үш жыл ішінде әртүрлі мәселелер бойынша 1813 азамат әлеуметтік желі, телефон қоңыраулары және жобалық кеңсеге келу арқылы жүгініп, оның ішінде 1749 азаматтың сұрағы оң шешілді.

Сондай-ақ «Шығыс – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі осы уақытқа дейін түрлі салалар бойынша жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 3,5 мыңға жуық қоғамдық мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға 3 мыңнан астам ұсыныс берілді. Бүгінгі таңда ұсыныстардың 93%-ы орындалды.

«Antikor LIVE» жобасы шеңберінде барлық деңгейдегі департамент, инспекция, басқарма басшылары бекітілген кестеге сәйкес «Антикор орталығы» алаңдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы апта сайын ақпарат берді. Пандемия кезеңінде 157 басшы эфирге қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін 182 мемлекеттік мекеменің ұжымымен және 89 елді мекен тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында 3420 ақпараттық материал мен мақала жарияланды. Оның ішінде 104-і – республикалық, 1987-сі – облыстық және 1329-ы – өңірлік.

Ендігі кезекте жобалық кеңсе «Шығыс – адалдық алаңы» жобасы ретіндегі өзінің жұмысын тоқтатып, жобалық басқарудың үлгілік базалық бағытына сәйкес қызметін жалғастырмақ.

Осы айдарда

Back to top button