Қоғам

Жиектас жөнге келтіріледі

Күршім ауылындағы жиектастары қисайып, сынып жатқан жаяу жүргіншілер жолы әлеуметтік желіде сынға қалды. Бүгінде оған жауапты мамандар олқылықтың орнын түзетуге кіріскенін айтады аудан әкімі.

– Аудан орталығының көшелеріне жиектастар орнатқан «Central Asia Industrial Company» компаниясының өкілдерімен кездесіп, сынған, құлаған жиектастарды көріп қайттым.
Жұмыс барысында жіберілген олқылықтарды қалпына келтіру бойынша мердігерлік ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуын бақылауға қойдым. Аталған жұмыстар алдағы уақытта толығымен аяқталатын болады, – деді аудан әкімі Дулат Қажанов.

Жасын Қалибек

Осы айдарда

Back to top button