Қоғам

Жеті отбасына АӘК тағайындалған

Азамат Темірбеков

Үржар ауданына қарасты Көктерек ауылдық округіндегі көпбалалы отбасылардың барлығына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.

Бұл туралы «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және заңды тұлғалардың арыз өтініштерін қарау тәртібі туралы» ақпарат берген Көктерек ауылдық округінің әкімі Қабыл Қасенов хабарлады.

– 2021 жылғы қаңтардағы деректерге сүйенсек біздің ауылдық округте 2027 адам тіркелген. Ауылдық округіміздің аумағына үш елді мекен кіреді. Осы елді мекендерде тұрып жатқан жеті отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып белгіленсе, олардың төртеуі көпбалалы, ал үшеуі азқамтылған отбасылар болып келеді, – дейді Қабыл Қасенов.

Оның айтуынша, ауылдық округ аумағында құрылған арнайы комиссия атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берушінің тұрмыс жағдайын саралап барып қана оған аталмыш көмекті тағайындайтын көрінеді. Яғни, мұндай отбасылардың табыс мөлшері жан басына шаққанда 28648 теңгеден аспаған жағдайда оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім шығарылады.

Осы айдарда

Back to top button