Қоғам

Жеті атаңды білесің бе?

Сен өзіңнің жеті атаңды білесің бе? Қазақ неге жеті ата ұғымына қатты мән берді? Тіпті халықта «жеті атасын білмеген  жетесіз» деген де сөз бар.  Осы орайда Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Ата тек – ұлттық негізіміз» атты айлық шеңберінде мектеп оқушылары арасында «Жеті атаңды білу – парыз!» атты байқау өтті.

Кітапхана мен қалалық мәдениет бөлімі бірлесе ұйымдастырған байқауға қаладағы  мектеп оқушылары қатысты. Олар дода барысында жеті атасын жатқа айтып, жарысты. Бірі жеті атасын мүдірмей жатқа айтса, тағы бірі үшін бұл сын қиынға соқты.

Жалпы, жеті деген сан қазақ үшін өте қасиетті. Қазақ жеті атадан асқанша қыз алыспаған. Бұл дегеніңіз, қан тазалығы ғана емес, ұлт тазалағы екені сөзсіз.

– Бұл шараны өткізудің өте үлкен мәні бар. Жеті атаны білу – тектілік. Осыған орай кітапхана  балаларға қосымша білім беру негізінде алдағы уақытта шежірешілермен түрлі форматта семинарлар өткізуді жоспарлап отыр. Өйткені біз жастарға жеті ата мен шежіре туралы жиі түсіндіруіміз керек. Себебі қан тазалығы – сау ұрпақ өсірудің кепілі. Бұл мәселе жалпы ұлттық деңгейге көтерілгенде ғана оң нәтиже береді деп ойлаймын. Сонымен қатар байқау жалғасын табатын болады, – дейді кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекова.

Мейрам Екпін 

Осы айдарда

Back to top button