Қоғам

Жерлестеріне автобус сыйлады

Берікхан Тайжігіт

      Белгілі балуан, халқының біртуар азаматы Дәулет  Тұрлыханов жуырда өзі өсіп-өнген Таскескен ауылына келіп, жерлестерімен кездесті.

Бала кезінен тай-құлындай тебісіп бірге өскен достарымен жүздесіп, ауылдың хал-ахуалымен танысқан даңқты балуан жерлестеріне автобус сыйлады. Автобустың кілтін Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Айдын Қожаев салтанатты түрде қабыл алды.

– Сондай-ақ бұл күні Дәулет Болатұлы 20 отбасына 100 мың теңгеден қаржылай көмек берді. Бұдан өзге ол үш ұстаздың әрқайсысына 100 мың теңгеден ақша ұсынды, – дейді ауыл әкімі Айдын Қожаев. – Бұл «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында өткен аталмыш іс-шараға аудан әкімі Нұржан Тілеужанұлы да куә болды.

Өз кезегінде Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітов даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановқа өз атынан рақмет айтып,  елдің ыстық ықыласы мен алғысын жеткізді.

                                                                          

                                                                        Үржар ауданы.

 

 

Осы айдарда

Back to top button