Қоғам

Жергілікті кәсіпкер демеушілік жасады

Азамат Темірбеков

Бородулиха ауданына қарасты Новопокровка ауылында жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен көпірлер жөнделіп, жазғы демалыс алаңдарына спорттық жабдықтар сатып алынды.

Бородулиха ауданының елді мекендерінде көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен жол бөліктері мен көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте жергілікті кәсіпкерлердің көмектері ұшан-теңіз. Жақында осындай игі жұмыстың бірі Новопокровка ауылында жүзеге асты.

Аудан әкімдігінің таратқан ақпаратына сүйенсек, аталмыш жұмыстарға Бородулиха аудандық мәслихатының Amanat партиясы атынан сайланған депутаты Юрий Ковязин демеушілік көрсеткен. Атап айтсақ, кәсіпкер бірінші кезекте Новопокровка ауылында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен көпірлер мен жолдарды қалпына келтіру үшін қажетті техника, яғни, автокран мен тиегіш тракторларын бөлді.

Бұдан бөлек, ол жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіз бос уақытын ұйымдастыру мақсатында спорттық-дамытушы жабдықтарды сатып алуға демеушілік жасады. Оған қоса, аталған елді мекендегі Жеңіс саябағындағы балалар қалашығын қысқы кезеңнен кейінгі жаңарту  бойынша жұмыстарды  жүргізуге көмек көрсетті.

Осы айдарда

Back to top button