Қоғам

Жерде магниттік дауыл басталды

Жер бетінде кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының физика институты Күннің рентген астрономиясы зертханасы мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

“Жер бетінде Мәскеу уақытымен таңғы сағат 1-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4:00-де) кейінгі жылдардағы ең күшті магниттік дауылдардың бірі басталды. Кейінгі күндері баяу төмендеген геомагнит белсенділік индексі түн ортасынан кейін бірден 7-деңгейге көтерілді (ең жоғары мән – 9), бұл 5 балдық шкала бойынша үшінші деңгейдегі магниттік дауылға сәйкес келеді”, – делінген хабарламада.

Ғалымдар болжамы бойынша, Жердегі магнит өрісінің тұрақсыздығы кем дегенде 2-3 күн сақталады, дегенмен қазіргі максимумға қайта жетуі екіталай.

Магниттік дауыл Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15-18 сағаттан кешікпей аяқталуы керек.

Физиктердің айтуынша, Күн жалынының жылдамдығы секундына 400-ден 800 метрге, ал планетааралық плазманың тығыздығы 100 есеге жуық артқан.

“Бұған дейін кейінгі төрт жылда бірдей деңгейде төрт дауыл тіркелген: биыл 12 мамырда, 2019 жылы 14 мамырда, 2018 жылы 26 ​​тамызда және 2017 жылы 28 қыркүйекте. Осы уақыт ішінде басқа маңызды құбылыстар байқалған жоқ”, – деді зерттеу орталығы өкілдері.

Осы айдарда

Back to top button