ФОТОЭТЮД

Жерде -40ºС аяз, ал әуедегі ұшақ сыртында қанша градус?

Сіз білесізбе?

Егер логикаға салатын болсақ, жерден көтеріліп, күнге қарай жақындаған сайын температура жоғарылауы керек. Күн – жылудың көзі.

Бірақ олай емес. Жоғарылаған сайын температура төмендей түседі. Себебі күн шуағына жылынған ауа жер бетінен бастап, жоғары көтеріледі.

10 000 метр биіктіктегі ұшақ сыртындағы температура жыл мезгілі мен субтропикалық ендікке байланысты. Бұл биіктіктегі орташа температура -55ºС-қа дейін болады.

Жылы мезгілдерде жерден бір шақырым жоғарылаған сайын ауа температурасы 6-7ºС градус төмендей береді. Яғни, жердегі температураны білсеңіз есептеп алуға болады. Қыстың орташа суық күндері бұл айырмашылық 3-4ºС аспайды екен. Ал аязды күндері көбінде кейбір ауа қабаттарында темпертура еш өзгеріссіз болады.

Тілеубек Шаяхмет

Осы айдарда

Back to top button