Қоғам

Жер сілкінісін бақылауға алады

Тасқын Болатұлы

Облысқа келер жылдары жер сілкінісін бақылайтын сейсмодатчиктер жеткізіледі. Биыл бақылау станцияларын орнататын орын анықталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, облыстағы 17 ауданда 127 сейсмикалық қауіпті елді мекен бар. Олар, атап айтсақ, Өскемен, Риддер, Семей қалаларында және Аягөз, Абай, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Үржар, Шемонаиха, Жарма және Алтай аудандарында. Кейінгі 10 жылда өңірде кем дегенде 22 жер сілкінуі болған.

–Биыл «Сейсмология институты» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, кең жолақты сейсмодатчиктерді бақылайтын стансаларды орнату орындарын анықтадық. Өскемен аумағында бес станса, облыстың өзге аумақтарында тағы бес станса қойылатын болады. Стансалар жер сілкінісі бойынша статистикалық маңызды материал алуға, үздіксіз бақылау жүргізуге, алынған материалдарды өңдеп, талдауға және түсіндіруге қажет, – деп жазылған департамент ақпаратында.

 

Осы айдарда

Back to top button