Қоғам

Жеңісімен құттықтады

Берікхан Тайжігіт

Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов Мамырсу ауылының тумасы, грек-рим күресінің шебері Айбек Айтбеков пен оның жаттықтырушысы Қуаныш Серікболовты қабылдап, олардың үлкен спорттағы жетістіктерін саралап, айтулы нәтижелері үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге салайық, Айбек бауырымыз жуықта ғана Франция жерінде мәресіне жеткен дүниежүзілік ХІХ жазғы гимназиадада грек-рим күресінен сынға түсіп, доданың бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

Аудан әкімі жас спортшыны өңір халқының және өзінің атынан зор жеңісімен құттықтай келе, жерлесіміздің төрт жылда бір өтіп, 14-17 жас аралығындағы оқушылардың басын қосатын осындай ірі халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінуі Аягөз жұртшылығы үшін зор мәртебе екенін жеткізді. Сөз соңында аудан басшысы спортшының деніне саулық, басына амандық, алдағы байрақты бәсекелерден де жеңіспен оралып, жерлестерін қуанта беруін тіледі. Балуан болса, бозкілемдегі белдесулерде ел намысы үшін аянып қалмайтынына сендірді.

Осы айдарда

Back to top button