Қоғам

Жеңімпаздар анықталды

Нұр-Сұлтанда «Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» Ұлттық жобасы жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Жоба алғаш рет 2017 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылды. Байқаудың биылғы IV маусымы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Қатысушылардың өтініштері 22 ақпаннан 22 наурызға дейін жеті бағыт бойынша қабылданды: білім, мәдениет және спорт, медицина, ғылым және инновация, қоғам, бизнес, экология. «Экология» номинациясы бұл жылы алғаш рет ұсынылды.

Қазақстанның барлық аймақтарынан ұйымдастырушыларға 2790 өтінім келіп түсті, бұл жоба бойынша рекордтық көрсеткіш болып табылады. Жалпыхалықтық дауыс беру кезінде қатысушыларды қолдау мақсатында қазақстандықтардан 871254 дауыс келіп түсті.

Соңғы кезеңде байқаудың қазылар алқасының отырысы өтті. Оның құрамына белгілі қайраткерлер, сонымен қатар өткен жыл финалистері: дәрігер Бауыржан Рақышев, өнертанушы Дина Байтасова және эколог Әсел Баймұқанова кірді.

Дауыс беру нәтижелері мен қазылар алқасының сараптамалық шешімі бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV маусымының 30 жеңімпазы анықталды. Олардың ішінде тәуелсіздік жылдарында жетістіктерге жеткен шығысқазақстандық Ахат Ракишев, Серікжан Қажытаев, Дулат Тастекеев бар.

Didar ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button