Қылмыс

Желілік бизнеске сеніп, жарты миллионнан айырылды

Өскемен қалалық полиция басқармасының «102» жедел арнасына 57 жастағы қала тұрғыны хабарласып, өткен жылдың жаз айында мобильді қосымша арқылы алаяққа 582 000 теңге аударғанын хабарлаған.

Анықталғандай, зардап шегуші алаяқпен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Қаскүнем желілік-бизнес жобаның бірінде ақшаны екі есеге көбейтуге уәде бергенімен, бірақ сөзінде тұрмаған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы ер адамды анықтап, бөлімге жеткізді. Тергеу барысында күдікті өз кінәсін толықтай мойындады, – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дәурен Аллабергенұлы

Осы айдарда

Back to top button