Қоғам
Желге ұшқан қаражат

«Күлкім келіп кетті ғой. Қоршауды бірден сапалы қылып жасауға болмады ма?» – бұл күршімдіктердің әлеуметтік желідегі өкпе-реніші. Естеріңізде болса осыдан бірер күн бұрын күршімдіктер ауылдың кіре берісінде қоршаулар сынып жатқанын айтқан. Желге ұшқан қаражат пен қоршауға күйінген халық тіпті бейнежазба да жүктеген. Күні кеше олқылықтың орны толды.
Күршімнің кіре берісіндегі қоршауды “Central Asia Industrial Company” ЖШС орнатқан. Келісімшартқа сәйкес бір жылға кепілдік берген. Алайда қоршауларға бір жыл толмай қирап қалды. Компания өкілдері қазір қоршауды жөндеп жатыр. Қоршау маңындағы шыршаларды басқа жерге көшіруіміз мүмкін дейді.
– Өткен аптада ауа райы қолайсыздығына байланысты қоршаулар қирап қалды. Бүгін біз кемшіліктерді түзеуге келдік. Аудан тұрғындарынан кешірім өтінеміз, – деді компанияның өкілі Ерік Сейітханұлы.
Ал тұрғындар болса, қоршаудың керегі шамалы деп отыр.
Балауса Мэлсқызы