Қоғам

Желге «ұшқан» қарағайлар. Бұл Өскемен, балақай!

Шығыстың желі бірде су жаңа үйлердің қабырғасын қаусатып кетсе, енді бірде қарғайды тамырымен жұлып әкетеді. Желмен бірге ұшып-қонып жүретін «қаңбақ аялдамалар» туралы жақ ашпай-ақ қояйық.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде жуықта ғана Қазыбек би даңғылының бойына отырғызылған балапан қарағайлардың құлап жатқаны жайлы жаңалық тараған еді. Қоғамның талқысына түскен қарағайларды қала әкімдігі қайтадан егіпті. Бұл туралы әкімдіктің ресми парақшасында жазылған. «Қатты дауылдан құлап қалған қарағайларды қайтадан отырғыздық. Дендрологтар ағаштарды қарап шықты», – делінген жазбада.

Балауса ҚОЖАЕВА

Осы айдарда

Back to top button