ТОП

Салғырттығыңыз үшін айыппұл төлеп жүрмеңіз

Азамат Темірбеков

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жеке куәлікпен жүрген ел азаматтарына 20 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады.

Бұл туралы жеке куәлік пен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын алу мәселесі жайында тікелей эфирде ақпарат берген Жарма аудандық Полиция бөлімінің көшік-қон қызметінің инспекторы Темірлан Жақсылық хабарлады. Оның айтуынша, бөлім қызметтері Халыққа Қызмет көрсету орталығында орналасқан көші-қон қызметінің халықпен жұмыс істеу бөлімі арқылы көрсетілетін көрінеді Бұл жерде азаматтар жеке бас куәлігін және Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын ала алады.

– Сондай-ақ, жеке куәліктің жарамдылық мерзімін өткізіп алмай ауыстырған жөн. Мұндай жағдайда еліміздің Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен әкімшілік жазалау шаралары қарастырылған. Мысалы, егер азамат жарамдылық мерзімінің аяқталғанына бірден он күнге дейін асып кеткен куәлікпен жүрсе оған ескерту жасалады. Ал мерзімі бір айдан асып кетсе жеті айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 217 теңге мөлшерінде айыппұл салынады, – деп қосты Темірлан Жақсылық.

Осы айдарда

Back to top button