Қоғам
Жеке кәсіп ашуға грант беріледі
Биыл Шығыс Қазақстанның жұмыссыз жастарына жеке кәсіп ашу үшін 312 грант беріледі.
Шығыс Қазақстанда барлығы 118 646 жас тұрады. Бұл – жалпы халықтың 16,5 пайызы. Қазір «Еңбек» бағдарламасы бойынша 6 613 адам кәсіби-техникалық білім алып жатыр. «Дипломмен – ауылға» жобасы аясында 290 жас маманға көтермеақы, 112 жасқа үй алуға мемлекеттік несие берілді.