
Осы жылдың 26 мамыры мен 19 маусымы аралығында облыстың білім беру ұйымдарында жазғы мектептер жұмыс істейді. Ондағы мақсат – пандемияға байланысты өткізілмей қалған сабақтарды оқытып, оқушылардың білім деңгейін толықтыру.
Жазғы мектепте оқушылар өздерінің қалауына қарай білім алады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл білім алушылардың саны – 46 587 оқушы. Оның 16 210-ы бастауыш сыныптың өкілі болса, қалған 30 377-сі жоғары сыныпта оқиды.
Жазғы мектеп жүйесіне педагогтермен қатар зерттеушілер де жұмылдырылған. Бір сабақтың уақыты 40 минуттан аспауы керек. Сонымен қатар жазғы мектептің бір ерекшелігі оқушының білімін бағалау жүйесі болмайды және үйге тапсырма берілмейді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтің айтуынша, бұл оқыту әдісі ерікті түрде болғандықтан қосымша қаржыландыруды қажет етпейді.