Қоғам

Жазатайым оқиғалардың алдын алмақ

Азамат Темірбеков

Глубокое ауданында балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алуға бағытталған рейд жүргізілуде.

Соңғы уақытта ел аумағында жиілеп кеткен осындай қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін глубокоелық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жергілікті полицейлермен бірлесіп рейд өткізді. Олар осылайша аудан тұғындарын кішкентай балалардың терезеден құлауын болдырмауға шақырды. Рейд барысында профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Төтенше жағдай және полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, ата-аналарының қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтамауы балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлауының негізгі себептері болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ шыбын-шіркейден қорғайтын москит торларының да бала салмағына төтеп бере алмайтындығын айтқан олар оның балаларды құлаудан қорғай алмайтынын еске салды. Осыған байланысты Глубокое ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері барлық ата-аналарды қырағы болуға және кішкентай балаларды терезелері ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауға шақырады.

Мамандардың айтуынша, егер терезе 12,5 сантиметрден артық ашық болса, балалардың терезеден құлап кету қаупінің зор екенін айтады. Сол себепті терезенің кең ашылуына мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатқан абзал.

Осы айдарда

Back to top button