Қоғам

Жайылымдық бес жылға беріледі

Азамат Темірбеков

Өтеусіз жер пайдалану шартымен табысталатын шалғайдағы маусымдық мал жайылымдары жеке тұрғындарға бес жылдан аспайтын мерзімге берілуі тиіс.

Бұл – Жер кодексінің талабы. Ал шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін жерді жалға алу, атап айтсақ, өтеулі жер пайдалану мерзімі қысқа, яғни бес жылға және ұзақ, яғни, бес жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Ал осындай тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге Мемлекет басшысының Жарлығымен сегіз жыл бұрын мораторий енгізілген. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлистің хабарлауынша, халықтың малын жаю және шөбін шабу мақсатындағы жер учаскелерін беру eGov.kz порталының «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі арқылы көрсетілетін көрінеді.

Бүгінде елімізде халықтың жайылым алқаптарына деген қажеттілігін азайту жөнінде іс-шаралар бағдарламасы әзірленіп, облыс басшысы ай сайын аудан, қала әкімдерінің есептерін тыңдау және жұмыс тобы мүшелерінің өңірлерге шығуы тәжірибеге енгізілген. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде өңірдегі жайылымдарға деген қажеттілік бір миллион гектарға дейін қысқарып, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 146,2 мың гектарды құрады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта бос жерлер туралы ақпараттарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасынан, сонымен қатар облыстың http://www.vkomap.kz электронды мекенжайындағы геопорталы арқылы да алуға болады.

Осы айдарда

Back to top button