Қоғам

Жаяу жүргіншілер жолын 150 жұмысшы күрейді. Аз ба, көп пе?

Кешелі бері тоқтаусыз жауып тұрған қар өскемендіктерді біраз әбігерге салды. Бұл сөзімізге тізеден келетін қар мен көлігін бажылдатып жатқан жүргізушілер дәлел. Әлеуметтік желі қолданушыларының бір тобы ауа-райына ерекше қуанып жүрсе, енді бір тобы өкпелі. Омбы қарды кешіп жүрген тұрғындардың сауалына жауап берейік. Жалпы қала көшелерін тазалауға неше техника шықты?
Ресми ақпаратқа сенсек, дәл қазір қала көшелерінде 85 қар күреу техникасы, 13 автогрейдер жүр. Ал жаяу жүргіншілер жолы мен аялдама маңын тазалауға 150-ге жуық жұмысшы шыққан.

– Қар түнімен жауды. Әлі де жапалақтап жауып тұр, Қазір тынбай жұмыс жасап жатырмыз. Алдымен көктайғаққа қарсы материал сеуіп, енді тазалауға кірістік – дейді «Таза Өскемен» коммуналдық ұйымының жетекшісі Тимур Екибасов.

Айта кетейік, техникалардың бағыттары әр түрлі.  Синоптиктердің болжамы бойынша, қардың жаууы тағы бір күнге созылады, демек, қала тазалығына жауаптыларға әлі де тыным жоқ.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button