ҚоғамСпортТОП

Жауынгерлік жекпе-жекті дамыту мәселесі талқыға салынды

16 ақпанда облыс әкімдігінде өңірдегі жауынгерлік жекпе-жек түрлерін дамыту мәселесі қаузалған кеңес өтті.

Іс-шараға Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының және «Qazaq kuresi» қауымдастығының бас директоры Абат Имамбаев, облыс әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаев, Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы облыстық филиалының құрметті президенті Бақытжан Валениязов, сондай-ақ облыстық спорт федерацияларының басшылары, еліміздің белгілі бапкерлері мен спортшылары қатысты.

Кездесу барысында тараптар облыста осы спорт түрін дамыту, насихаттау, дарынды спортшыларды республикалық және халықаралық деңгейге көтеру мәселелерін талқылады.

Кеңеске қатысушылар жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіру, спортты дәріптеу және жастарды спорттық үйірмелерге тарту бойынша міндеттерді басым бағыттар ретінде белгіледі.

Іс-шарадан соң жауынгерлік өнер қауымдастығының және «Qazaq kuresi» республикалық қауымдастығының өкілдері облыс орталығындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты.

Осы айдарда

Back to top button