Қоғам

Жатақханада жайлы жағдай жасалған

Катонқарағай ауданының аграрлық-техникалық колледжі жатақханасының бүгінгі жағдайы жақсы. Бұл туралы аталмыш нысанға арнайы жүргізілген мониторинг барысында белгілі болды.

Катонқарағай ауданының аграрлық-техникалық колледжінде ауыл-аймақтардан келіп оқитын балалар үшін барлық жағдайлар жасалған. Солардың бірі студенттерге арналған жатақхана. Жақында Катонқарағай ауданының жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының Катонқарағай аудандық филиалы өкілдері аталмыш жатақхананың жағдайына арнайы мониторинг жүргізіп,  оның бүгінгі таңдағы сұранысқа сай екендігін анықтады. Тексеріс барысында нысанның материалдық-техникалық жағдайы, уақытты тиімді өткізу орындарының бар-жоғы назарға алынды.

Аудан аумағындағы құзырлы органдардың хабарлауынша, мұндағы жатақхана 260 орынға шақталған көрінеді. Қазіргі уақытта студенттер үйінде 60-тан астам адам тұрып жатыр. Жатақхана 1935 жылы салынған. Жыл сайын жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Жастар игілігіне берілген жатақханада барлықжайлы жағдайлар жасалған. Онда медициналық пункт, компьютерлік зал, кітапхана, демалыс орындары мен әр қабатта ас дайындау бөлмелері, жуынатын бөлме, сонымен қатар, студенттерге арналған спорттық секциялар бөлмелері қарасырылған.

Осы айдарда

Back to top button