
Күршім әкімдігінің мамандары әлеуметтік желі арқылы аудан жастарына ескерту жасады. Қандай ескерту деп таңданып отырған боларсыз. Ендеше жазбаға зер салыңыз.
– Бүгінде Абай атындағы орталық алаң – Күршімнің көрігін айшықтап тұрған бірден-бір орын. Әсем әуенмен әлдилеп тұратын субұрқақ көпшіліктің сүйікті орнына айналып үлгерді. Алайда Орталық алаңда доппен ойнауға қатаң тиым салынған. Алаң спорттық сайыс өтетін орын емес. Балалар доппен ойнағанда доп субұрқақтың ішіне түсіп кетуі мүмкін. Жарықтар мен бағаналар қирап, гүлзарларды да бүлдіріп алулары мүмкін. Біз үшін қауіпсіздік аса маңызды.
Айта өтейік, 2-4 маусым күндері субұрқақ профилактикалық жұмыстарға байланысты өз жұмысын уақытша тоқтатқан.