Жаңалықтар

Жастарға арналған семинар өтті

«Өңірлердегі Министрлік күндері» шеңберінде стратегиялық сессиялар басталды.
15 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Ш.А. Баймановтың төрағалығымен «Жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында онлайн-семинар өтті.
Семинарға облыс бойынша 70-тен астам жас қатысты.
Кездесу барысында жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.
Жоғарыда аталған заң жобасын дайындау шеңберінде «NEET санатындағы жастарды», «Жастарды дамыту индексін», сондай-ақ «Жастармен жұмыс жөніндегі маман» ұғымдарын және т.б. заңнамалық бекіту ұсынылады. Сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» Ұлттық жобасы талқыланды.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button