Қоғам

Жастарға арналған жаңа жоба

Елімізде салауатты өмір салтын насихаттайтын жаңа жоба қолға алынады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты бойынша жүзеге асатын Fitness Park.KZ әлеуметтік жобасы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Ведомствоның мәліметінше, гранттық жоба жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, бұқаралық спортпен және денешынықтырумен шұғылданып, дұрыс тамақтануға баулиды. Белгілі болғандай, Fitness Park.KZ бағдарламасын әзірлеушілер, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері, жаттықтырушылар мен фитнес нұсқаушылар жоба аясындағы шеберлік сағаттарының спикерлері мен қатысушылары атанады. Ұйымдастырушылар бұқаралық жаттығулар мен шеберлік сабақтарына екі мыңға жуық жас қазақстандықты жұмылдырмақ. Онда «Спорт – бұл өмір», «Спорт әрқашан менің өмірімде», «Табысты адам – спортпен айналысатын адам», «Жаттығу және денсаулық», «Sport like», «Sport Style» трендтер насихатталады.

Бұл істің басы-қасында жүрген мамандардың айтуынша, жаңа бастама аясында кәсіби жаттықтырушылардың қатысуымен бейнероликтер әзірленіп, жобаның әлеуметтік парақшасында жарияланатын болады.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button