Қоғам

Жастарды жұмыспен қамтиды

Шағын қаланың жастары Zoom-конференцияда өзекті мәселелерді талқылады.

Жиында жастардың бос уақытын тиімді өткізу, волонтерлік жұмыстарды жетілдіру және халықтың әлеуметтік осал тобына жататын жас отбасылармен байланысты нығайту секілді маңызды тақырыптар сөз болды.

Оған қаладағы спорттық клуб, балалар-жасөспірімдердің спорт мектебі, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, волонтерлік қозғалыс орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімдерінің жетекшілері қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша, қала әкімі Алексей Глазинский жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік тұрғыда көмек көрсету жөнінде жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тасқын Болатұлы

Осы айдарда

Back to top button