Қоғам

«Жастар» картасы сатылымға шықты

Балауса ҚОЖАЕВА

Жастарға айтар жақсы жаңалығымыз бар. Қаңтар айынан бастап 16-дан 25 жасқа дейінгі жолаушылар үшін «Жастар» картасын сату қайта қалпына келтірілді.

Карта көмегімен жастар Тальго коммерциялық пойыздарының «Турист» (2Д) және «Отырып баратын» (2С) санатындағы вагондарына билет ресімдеу кезінде 25% жеңілдікті пайдалана алады.

«Жастар» картасын «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында рәсімдей аласыз. Бағасы – 3000 теңге. Жарамдылық мерзімі – картаны іске қосқан сәттен бастап 1 жыл.

«Жастар» картасын пайдалануға болатын Тальго пойыздарының тізімінде №69/70 Алматы-2 – Өскемен маршруты барын естеріңізге саламыз.

 

Осы айдарда

Back to top button