Жас маманға қолдау бар

Шемонайха ауданының әкімдігінен хабарлағандай, биыл өңірге «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында келген 20 маман әлеуметтік қолдауға ие болған.
Атап айтсақ, 17 маманға 4 958,9 мың теңге сомасындағы көтерме жәрдемақы берілген. Бұл жас мамандардың 12-сі – білім беру, екеуі – денсаулық сақтау, үшеуі спорт саласына тартылған. Сонымен қатар, алты маман 24 544 мың теңге мөлшеріндегі бюджеттік несиені ресімдеген. Алдағы уақытта дәл осындай көтерме жәрдемақы білім саласында жұмыс істеп жатқан тағы үш маманға төленетін болады.
Биыл жоспарланған бюджеттік қаражаттың толықтай игерілуіне байланысты тоғыз маман 2022 жылғы кезекке қойылды. Жоспар іске асқан жағдайда, үш маман көтерме жәрдемақыға, ал жеті маман бюджеттік кредитке қол жеткізетін болады.
Сәрсен Қабылым