Қоғам

Жас мамандарды қабылдайды

Бесқарағай ауданының 28 ауылдық елді мекені «Дипломмен ауылға» жобасы аясында келетін жас мамандарды қабылдауға әзір. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әлімбаева хабарлады.

Оның айтуынша, биыл ауылды жерлерге жұмыс істеуге келген мұндай мамандарға 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 291 мың теңге көтермелеу ақысы мен баспана сатып алуға 1500 айлық есептік көрсеткіш, яғни 4 375 000 теңге мөлшерінде жеңілдетілген несие берілетін көрінеді.

– Ауылға келген жас маман жұмысқа орналасқан соң аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен және жұмыс берушімен арада үшжақты келісімшартқа отырады. Аталмыш құжатқа сәйкес, ол өз мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуге міндеттеледі, – дейді Алмагүл Әлімбаева.

Айта кетсек, қазір жас мамандарды аудандағы 28 елді мекендегі мемлекеттік органдар мен әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер қабылдауға әзір.

 

Азамат Темірбеков

Осы айдарда

Back to top button