ҚоғамТОП

Жас кәсіпкерлер миллион теңге алады

Елімізде «Zhas Project» жобасына өтінім қабылдана бастады. Бұл жобаға NEET санатындағы, яғни жұмыссыз жастар қатыса алады.

«Zhas Project» жобасы жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Жоба қатысушылары өз өңірлеріндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған үздік бастамаларын іске асыра алады. Жоба жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға да септігін тигізеді. Олар әлеуметтік, кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыларға және бизнесті құру мен жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдауға ие болады.

Жобаның жеңімпаздары әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға 1 миллион теңге көлемінде шағын грант алады. Республика бойынша 280 жоба іске асырылады екен.

Өтінімдер 24 сәуірге дейін қабылданады. Қатысушылардың жасына қойылатын талап – 18-34 жас.

Zhas Project туралы қосымша ақпаратты cisc.kz сайтынан алуға болады.

Осы айдарда

Back to top button