Жас жұбайлар салонын ашады

Алтай ауданының Серебрянка қаласында жас жұбайлар салоны мен табиғи гүлдер сататын шағын кәсіпкерлік нысандары ашылуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған.
Осы жоспарды жүзеге асыруды қолға алған жергілікті кәсіпкер Светлана Шевлякова бизнесін дамыту үшін мемлекет тарапынан жасалатын түрлі қолдауларды сәтті қолдануда. Кәсіпкерлік нысаны жұмысын бастағалы бері 19 жыл болған. Салттық қызметтер мен темірден соғылған бұйымдарды дайындайтын цехтың жұмысын жолға қойған Светлана алты жыл бұрын автобекет ғимаратын сатып алып, өз күшімен қайта жабдықтаған.
Жерлестеріне сапалы әрі кәсіби қызмет көрсетуді қолға алған ол қайырымдылық істерге де атсалысуды ұмытқан емес. Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтыған кәсіпкер ендігі кезекте қайта жабдықталған ғимаратта жас жұбайларға арналған салон мен табиғи гүлдер сататын бөлім ашуды жоспарлап отыр.
Азамат Темірбеков