Қоғам

Жақсылық істеуден шаршамайық

Менің анамның айтуынша, адам өмірге келгеннен кейін жақсы істерді көп істеуі керек. Жақсылық істеудің көптеген түрлері бар. Олар – адамдарға, қоршаған ортаға, жан-жануарларға және өсімдіктерге жақсылық істеу.

Қарт адамдарға автобуста орын беру, сөмкелерін көтерісу, есік ашу – бұлардың барлығы жақсы істер қатарына жатады.

Қарт адамдар –  халқымыздың асыл қазынасы. Сондықтан оларға көмектесу өте маңызды. Ал қоршаған ортаға жақсылық істеу дегеніміз – жерге қоқыс тастамау, ағаштарды суару, шыны бөтелкелерді жинау және тағы басқалары. Қоршаған ортаға барлығымыз қамқор болуымыз қажет. Себебі біздің таза ауа жұтуымыз табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан да қоршаған ортаға жақсылық істеу – өзімізге деген көмек. Мен біреуге кішкентай болсын көмегім тисе соған қатты қуанамын, жақсылық істедім деп риза боламын. Жақсылық істеуден шаршамайық, достарым!

Адема Серікова,  №32 орта мектебінің 1 «А» сынып оқушысы

Семей.                                                 

Осы айдарда

Back to top button