Қоғам
Жаңарту жұмыстары аяқталып қалды
Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Үржар ауданына барып, әуежайдағы жаңарту жұмыстарының барысымен танысты.
Ұшу-қону жолағында жұмыстар аяқталуға жақын, туристік маусымның басында әуежай күндіз жолаушыларды қабылдауға дайын.
– Аудан әкіміне үшінші мамырға дейін әуежайдың бейнебақылау және сыртқы жарықтандыру жүйелерін орнату жобасын түзетуді тапсырдым, – деді өңір басшысы.
Сондай-ақ қазір жаңа терминал құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Кірме жолдарда жұмыстар әлі жалғасуда.
Ержан Кеңесұлы