Жаңарту жұмыстары алдағы айда аяқталады

Семейдегі қазандықтардың жаңартылу барысымен танысқан облыс әкімі Даниал Ахметов жөндеу жұмыстарының 15-20 қыркүйекке дейін аяқталатынын атап өтті.
– Істің жағдайы жаман емес. 15-20 қыркүйекке дейін негізгі жөндеу жұмыстары аяқталады. Миллиард теңгеден астам қаражат игеріледі. Келесі жылға жоспарлаған модернизациялауды биыл аяқтау үшін тағы бір миллиард теңге қосымша бөлінеді, – деді аймақ басшысы.
Осылайша, Орталық қазандығына қосымша 20 гигакалория беріледі, бірақ негізгі міндет – ұзақ уақыт бойы бұл жерде сапасыз орындалғандарды аяғына дейін жеткізу, яғни жылу желілерін реттеу және гидравликалық режимді сақтау. Бұл әр үй шын мәнінде қажетті жылуды алатынын білдіреді. Жылу беру және кері қайтарылымдағы қысымның төмендеуі техникалық нормативке сай болуы керек. Бұл мәселемен «Жылукоммунэнерго» және әкімдік айналысуда.
– Біз барлық қалпына келтіру жұмыстарын жаңа жылға дейін аяқтаймыз. Бұл бізге қаланың жылу режиміне елеулі әсер етуге мүмкіндік береді, – деді Даниал Ахметов.
Сонымен қатар облыс басшысы биыл мамандардың былтырғыдай олқылықтарға жол бермейтінін атап өтті.
Флора Левина