Жаңа хоккей корты

- Глубокое ауданының Тарханка ауылында жаңа хоккей корты пайдалануға берілді.
Спорттық нысан жергілікті белсенділердің, тұрғындардың, аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті кәсіпорын – «Семена масличных» ЖШС-нің қаржылай қолдауының арқасында салынғанын айту керек.
– Хоккей кортының салынуына атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін. Мұндай ерекше спорттық нысандар ауданымызда кемде-кем. Оның үстіне, мұндағы мұз айдынның сапасы өте жоғары екенін ерекше атап өткім келеді. Бір сөзбен айтқанда, ауылдағы ересектермен қатар, балалардың спортпен шұғылдануына керемет мүмкіндік туындап отыр, – дейді Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова.
Аудан басшысының сөзін жергілікті тұрғындар да құптап отыр. Әсіресе спортсүйер жастар мәз. Енді біздің шайбалы хоккейге деген қызығушылығымыз одан сайын арта түседі, дейді жастар.
Сәрсен Қабылым