Қоғам

Жаңа трамвайлар әкелінбек

Осы жылдың соңына қарай Өскеменге жаңа трамвай вагондары әкелінбек. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еске салайық, 2019 жылы қаладағы қосалқы станциялар жөнделіп, Абай даңғылындағы жолдар ауыстырылған болатын. Мұндай жұмыстар 2020 жылы Назарбаев даңғылында, Қазақстан көшесіндегі кинотеатрға қарама-қарсы тұста, Өскемен вокзалы мен Защитадағы бұрылыс шеңберлерінде де жүргізілген-ді. Сол кезде Шәкәрім даңғылындағы желілер де қайта құрылған болатын. Енді, міне жұмыстар ең маңызды учаскеде, яғни Қазақстан және Мызы көшелерінде де қолға алынуда.

– Адамдарды «жаңа трамвайлар неге жоқ?» деген сұрақ толғандыратыны рас. Трамвай паркі тек трамвайлардан ғана құралмайды. Бұл – инфрақұрылымдық кәсіпорын, онда рельстер, кабельдер, қосалқы станциялар болады. Бұлардың тозығы жетіп тұрғанда, жаңа вагон сатып алу мүмкін емес, себебі олар бір жыл ішінде іске жарамай қалады. Жаңа вагондарға жаңа рельстер қажет. Қазақстан және Мызы көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ғана трамвай желілерінің жаңартылған жылжымалы құрамға дайындығы туралы сөз қозғауға болады, – деп мәлім етті қала әкімі.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button