Қоғам

Жаңа өмірге – ұлттық киіммен

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Аягөз аудандық орталық ауруханасының перзентханасынан шыққан нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға тартылып, аналарға наурызкөже ұсынылды.

Жарық әлемнің есігін ашып, дүниеге келген бес сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай берілген бұл сыйлықтар барша медицина қызметкерлері тарапынан зор қолдау тапты.

– Ұлттық дәстүріміз бен салтымызды айшықтайтын шараға аурухана әкімшілігі себепкер болып отыр, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Абай, – өйткені Жер-Ана иіп, дүние жаңғыратын осынау сәт, осынау мереке барша адамзат үшін қастерлі де ұлық мереке болып саналады. Аурухана әкімшілігінің бұл қадамы өте құптарлық іс екендігін барша жұртшылықтың бірден қолдап кетуінен білуге болады.

Айта кетерлігі, нәрестелерге ұлттық киімдерді сыйға тарту рәсімі кезінде барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды.

  Берікхан Тайжігіт

Осы айдарда

Back to top button