Руханият

Жаңа мәдениет үйі салынады

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған. Жаңа өзгерістермен жаңарып отырған құтты қоныстың бірі – Айнабұлақ ауылы.

Аталған ауылда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы  басқармасының  тапсырыс беруімен 150 орынға арналған ауыл клубы  салынуда.

–  Елімізде ауыл тұрғындарының жағдайын, өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып айқындалған. Осы мақсатта «Ауыл – ел бесігі» жобасы іске қосылған. Әлеуметтік, денсаулық, білім, мәдениет және спорт салаларын әрі қарай дамыту мәселесі де назардан тыс қалмаған.

Біздің ауылымызда да игілікті істер  сәтімен жүзеге асырылып келеді. Ауданымызда ауылдық жерлердің әлеуметтік жағдайын. жақсартуға бағытталған жоба шеңберінде талай тірлік тиянақталды. Былтырғы, биылғы жылдары салынып, ел игілігіне пайдалануға берілген әлеуметтік нысандар – соның айқын көрінісі. Жергілікті тұрғындардың талап-тілегі де ескерусіз қалып жатқан жоқ. Атап айтатын болсақ, мәдениет үйінің құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан азаматтардың басым бөлігі ауыл тұрғындары.  Құрылыс жұмыстарын М.Әбілқасов жетекшілік ететін «KAZPROFSTROY HOLDING» ЖШС сапалы атқаруда. Енді ауыл адамдары көп ұзамай мәдени іс-шараларды жаңа мәдениет үйінде өткізетін болады, – дейді ауыл әкімі Ә.Қаламов.

Ардабек Ақбабаұлы

Зайсан ауданы.

Осы айдарда

Back to top button