COVID-19 

Жаңа көшбасшылар анықталды

Азамат Темірбеков

Өңірде азаматтардың мәртебесін анықтауға бағытталған ASHYQ жобасының жаңа көшбасшылары анықталды.

Мекемелерге келушілердің мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін ASHYQ қосымшасының іске қосылғанына үш айдан астам уақыт болды. Бүгінде аталған жобаның көмегімен аймақтағы 600-ге жуық мекеме қатаң карантиндік шектеулер жағдайында жеңілдіктерге ие болды. Ashyq көшбасшысының мәртебесі еліміздің Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, екі апта мерзімге беріледі.

Бүгінгі таңда облыста QR-кодты ең көп пайдаланған 59 ұйым анықталды. Атап айтсақ, Өскеменде 17, Семейде 37 кәсіпорын, Риддер, Курчатов қалалары мен Үржар, Аягөз және Күршім аудандарында бір мекемеден Ashyq жобасына енді.

Бұдан басқа ASHYQ жобасынан шығарылған мекемелер де бар. Карантиндік талаптарды бұзу себептері бойынша Өскеменде – сегіз, Семейде – төрт, Алтай ауданында – алты, Үржар ауданында – екі, Абай, Жарма, Зайсан және Катонқарағай аудандарында бір-бірден, барлығы 24 нысан жобадан алынды.

Осы айдарда

Back to top button