Қоғам

Жаңа бағдаршамдар орнатылады

Дәурен Аллабергенұлы

Бұл жұмыс мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаннан кейін басталып, екі ай ішінде аяқталады. Бағдаршамдар орнатылған кезде жол учаскелері жабылмайды. Жабылған күннің өзінде, қала тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы хабарланады, деп түсіндірді қаланың ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі мамандар.

Бөлімдегілер қай учаскелерге жаңа бағдаршам орнатылатынын әлі нақтыламады. Тек техникалық сипаттамада 16 көлік және 17 жаяу жүргінші бағдаршамы орнатылатыны жазылған.

Біз бұған дейін қала көшелеріне тағы 200 жол белгісі орнатылатынын хабарлаған едік. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, жол белгілері мен бағдаршамдарды орнатып, ескілерін ауыстыру үшін бюджеттен 25 миллион теңгеге жуық (екі лоттың жалпы сомасы) қаражат бөлінбек.

Осы айдарда

Back to top button