Қоғам

Жаңа аптада сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз-жорамал (8-14 ақпан)

Тоқты. Апта табысты басталады, көптеген бақытты сәттерді бастан кешіресіз. Бұл уақытты босқа өткізбеңіз, ештеңені кейінге қалдырмаңыз. Бел шеше жұмысқа кірісіңіз. Ал демалыс күндері жан серігіңізге ерекше назар аударыңыз.

Торпақ. Аптаның басында сіз керемет көңіл-күйде боласыз. Жеке өміріңіздегі жаңалықтар қатты қуантады. Сондай-ақ қарсы жыныстағы адамдардың назарына бірден ілігесіз. Жұмада күрт өзгерістер орын алуы мүмкін, бірақ бәрі жақсы болады.

Егіздер. Сіздің туыстарыңызға қолдау қажет, оларға көмек қолын созудан бас тартпаңыз. Барынша қамқорлық танытыңыз, мұқият әрі мейірімді болыңыз. Аптаның екінші жартысында шағын романтикалық оқиға болуы мүмкін.

Шаян. Аптаның ортасында туыстармен тығыз қарым-қатынаста болуыңыз мүмкін. Жақындарыңыздың жағдайына бей-жай қарамаңыз, олардың мәселесін түсінуге тырысыңыз. Өз эмоцияларыңызды ұстаңыз. Жексенбі күні сүйікті адамыңызға көбірек көңіл бөліңіз.

Арыстан. Осы аптада сізді жеке өміріңізге қатысты мәселелер мазалайтын болады. Проблемаларды жан-жақты ойластырып, асықпай шешуге тырысыңыз. Егер нәтиже ұнамаса, үмітіңізді үзбеңіз. Кішігірім сатып алулар көңіл-күйіңізді көтеруге көмектеседі.

Бикеш. Жақын адамыңызбен қарым-қатынас осы аптада керемет үйлесімділік табады. Осының арқасында сіз өзіңізге сенімді боласыз, бұл жұмыста да айтарлықтай көмектеседі. Мансап пен бизнес мәселелері табысты шешілетін болады. Сапарға шықсаңыз, аз-маз қиындықтарға дайын болыңыз.

Таразы. Аптаның басында балаларға көбірек уақыт бөліп, оларды қуантыңыз. Сейсенбі, сәрсенбіде дұрыс демалу керек. Денсаулыққа назар аударыңыз. Қажетті профилактикалық процедуралардан өтіңіз. Апта соңында сіз тағы да күш пен ынта-жігерге толы боласыз.

Сарышаян. Сәтсіздіктерге мойымаңыз, алда жағымды өзгерістер болады. Сіз оларға неғұрлым тезірек бейімделсеңіз, соғұрлым жақсы. Денсаулығыңызға, көңіл-күйіңізге мән беріп, әрдайым сергек жүріңіз! Аптаның екінші жартысында махаббат қатынастары жақсарады.

Мерген. Аптаның басы – қордаланған мәселелерді шешу үшін сәтті уақыт. Жаңа танысулар қызықты қарым-қатынасқа негіз болмақ. Сәрсенбіден кейін достармен қарым-қатынас орнату маңызды болады. Олар сізге қиын жағдайда көмектесе алады.

Тауешкі. Осы аптада махаббатта сәттілік болады. Серігіңіз ерекше назар бөліп, қамқорлық көрсетеді. Сіз де қалыспай, жан серігіңізге кішкене тосын сый дайындаңыз. Жексенбіде сәттілік міндетті түрде сіздің жақта болады, сондықтан сіз кез келген мәселені оңай шеше аласыз.

Суқұйғыш. Аптаның екінші жартысы барынша сәтті болады, сондықтан шыдамды болыңыз. Бұл үшін спортпен шұғылданған жақсы. Демалыс күндері өзіңіздің жұбайыңызға көңіл бөліңіз. Мәдени-демалыс орындарына бірге барыңыз.

Балықтар. Аптаның басында сіз көптен күткен жеке ұсыныс аласыз және ол өміріңізді түбегейлі өзгерте алады. Аптаның екінші жартысында айтылған ақыл-кеңестерге құлақ асыңыз. Адамдарды түсіну қабілеті өткір мәселелерді шешіп, шиеленістерді азайтуға көмектеседі.

Ержан Әбіш

Осы айдарда

Back to top button