Жаңа әкім, ескі проблема

Облыс әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру кездесуінде «Семейліктерде мәселе болмауы керек» деген болатын. Бірақ тұрғындардың сөзіне жүгінсек, шаһарда шешілмей жатқан проблемалар аз емес сияқты. Соның бірі – тұрмыстық қалдықтар.
Бұл туралы семейліктер әлеуметтік желіде жарыса жазып жатыр. Ендеше тұрғын үйлердің маңындағы «қарны тоқ» контейнерлердің көрінісіне қараңыз
«Әміре Қашаубаев көшесі, 2,2а мекенжайында орналасқан тұрғын үйлердің қоқысын шығаруға «Семей Тазалық» мекемесі жауап береді. Бірақ ешқандай жұмыс кестесі жоқ, қоқысты тек қоңырау шалған соң ғана шығарады», – делінген желідегі жазбада.
Бұл жазбаның соңына «Энергетиктер ауданында да осы мәселе», «Мусор тазалауға ақша жоқ, Сергекке бар», «Жаңа әкім, ескі проблема» деген ауанда алуан түрлі пікір жазылған.
Ал жауапты мекеме не дейді?
«Әміре Қашаубаев, 2
Пәтер саны – 38
Тұрғын саны – 88
Қарыз – 94 842 теңге;
Әміре Қашаубаев, 2а
Пәтер саны – 39
Тұрғын саны – 86
Қарыз 86 589» деп жауап қалдырыпты. Тұрғындарға берешекті толық өтемей коммуналдық мекемеге ренжудің реті жоқ секілді. Айта кетейік, мекеме қызметкерлері берешегі бар үйдің қоқысын шығарғандарын айтады.
Балауса Мэлсқызы