Жанармай құю стансалары бақылауға алынды
Энергетика министрлігі мен ірі АЖҚС желілері дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін жедел желі іске қосты
Клиенттерді қолдауға арналған жедел желі стационарлық және мобильді нөмірлер арқылы, сондай-ақ белгілі мессенджерлерде жұмыс істейді.
Call-center:
Қалалық: +7 (7172) 78-69-55
Ұялы байланыс: +7 (708) 812-02-31
Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31
Орталық мемлекеттік органның кері байланысының бұл түрі азаматтарға елдегі жанармай құю станцияларындағы заң бұзушылықтар туралы министрлікке жедел хабарлауға мүмкіндік береді.
Жедел желіге келіп түскен өтініштерді оператор бақылап, талдап отырады. Ақпараттың дұрыстығы тексерілгеннен кейін негізсіз әрекеттер мен заң бұзушылықтар туралы фактілер тиісті шара қолдану үшін құзыретті мемлекеттік органдарға берілетін болады.
Ел ішінде қауесет тарап кетеуі үшін АЖҚС тарапынан бұзушылықтар немесе заңсыз әрекетер болған жағдайда тұрғындар ол туралы жедел желіге хабарлағаны дұрыс.
Сондай-ақ еліміздің ірі АЖҚС-тарындағы жедел желілер бойынша қосымша деректерді ұсынамыз:
Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз
Call-center: 9911
Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46
Instagram: azs_qazaq_oil
Sinooil
Call-center: 8-800-070-01-80
Instagram: sinooil.kz
Helios
Қолдау орталығы: 8-800-080-5444
Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39
Instagram: helios_kz
Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty
Газпромнефть
Call-center: 8-800-080-10-08
Instagram: gazpromneft_kz
Didar ақпарат