Қоғам

Жалақы жымқырған

Өскеменде кәсіпорын есепшісі әріптестерінің табан ақы, маңдай термен тапқан жалақысын үш жыл бойы жымқырып келген.

Қылмысты тәртіп сақшылары әшкерелеген.  Бір қызығы, бас есепшінің 1 000 000 теңгені қалтасына басқаны жайлы ешкім шағымданбаған. Тек бір адамның ғана арыздануға  батылы жеткен.

Полицейлер 2019 жылдың қараша айынан бастап 2022 жылдың мамыр айына дейін 47 жастағы бухгалтер өз пайдасын көздеп, жәбірленушінің зейнетақы қорына 1 млн. теңге аудармағанын анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті полиция бөліміне жеткізілді, онда ол өз кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Д.Қасенов

Осы айдарда

Back to top button