Қоғам

Иттер көрмесі өтеді

«Шығыс көктемі-2021» атты халықаралық көрме 16 мамырда өтеді. Іс-шараны «Аякс» қалалық кинология орталығы ұйымдастырады.

– Көрмеге иттің кез-келген тұқымы қатыса алады. Өтінішті WhatsApp арқылы немесе жекелей жолдауға болады. Қазіргі уақытта жүзге жуық өтінім келіп түсті, – деді «Аякс» орталығының төрағасы Татьяна Әлімжанова.

Айта кетейік, иттер көрмесі Өскеменде 2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Алдағы іс-шара туралы толық ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады: 8-705-418-03-21, 8(7232)75-32-23, 8-702-791-66-74.

Балауса МЭЛСҚЫЗЫ

Осы айдарда

Back to top button