Қоғам

Қиыр Шығыста шайқасқан

Қиыр Шығыста шайқасқан


Кеңес әскері 1945 жылы жеңіске жеткенімен, Қиыр Шығыста Жапониямен соғысты. 1945 жылы өскемендік Василий Николаев та Жапон соғысына аттанған.

Бүгінде тоқсаннан асқан ардагер алғаш ұрысқа араласқанда он тоғыз-ақ жаста болған екен. Сол сұрапыл күндер қарияның әлі күнге есінде.

– Заставамызға қарама-қарсы жапондардың бекеті болды. Оны олар 1943 жылы өз беттерімен біздің жерге салып қойған екен. Бірақ басшылар ол кезде жапондарға сес көрсете алмаған. Өйткені екі фронтқа бірдей төтеп беру оңайға соқпайтын еді, – дейді Ұлы Отан соғысының ардагері ВасилийАфанасьевич.
Рейхстагқа ту тігілгеннен кейін ғана Кеңес әскері жапондарға шабуылдаған. Кескілескен шайқастардың бірінде қатардағы жауынгер Василий Николаев жапондардың штаб офицерін тұтқындаған. Бұл үшін жас жауынгер «Ұлы Отан соғысы» орденімен марапатталды.

Жаумен бірнеше рет бетпе-бет келген Василий Николаев 1949 жылы елге оралып, еңбекке араласты. Сөйтіп, зейнет жасына дейін тас қалаушы болып жұмыс істеген.

Сонау сұрапыл жылдардың бейнетін көрген ардагерді мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков құттықтап, 500 000 теңгенің сертификатын табыстады.

– Бүгінгі бейбіт өмір сүріп жатқанымыз – сіздердің арқаларыңыз. Сіздей ардагерлерге басымызды иіп, алғыс айтамыз. Деніңіз сау болсын! – деген тілегін айтты облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков.

Бұл күні Ұлы Отан соғысының басқа да бірқатар ардагерлеріне жарты миллион теңгенің сертификаттары табысталды.

Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button