Қоғам

Инстаграмның сіз білмейтін құпиялары

Әлеуметтік желідегі әдеттегі әріптер мен іш пыстырар суреттерден жалықтыңыз ба? Ендеше, оны өзгертетін уақыт келді. Маман кеңесіне назар салыңыз.

Контексті Инстаграм арқылы жасамаңыз. Инстаграм фото-видеоның сапасын төмендетеді. Дұрысы, смартфоныңыздың  қарапайым камерасын қолданыңыз.

Видеоға тігінен түсіріңіз. Көлденең түсірілген видеоны көру үшін инста достарыңызға смартфонды төңкеру керек болады. Ал мұндай әрекет бәріне ұнай бермейтіні анық.

Жасырын хэштег. Хэштег – ол Инстаграм қолданушылары үшін жақсы бір қосымша. Бірақ оны жасырын қойған әлдеқайда жақсы. Көзге де жағымды көрінеді. Оны жасырудың әртүрлі тәсілі бар.

Стикерлер мен гифтерді жиі қолдану. Стикерлерді тек сән үшін ғана емес, сондай-ақ бір брендке жарнама ретінде немесе басқалары ақпаратты оңай табу үшін де қолдануға болады.

Сторисыңыз не жайында?

Оқиғаны қысқаша баяндайтын лаконикалық жазу-тезистер қазір трендте. Кейде оқырмандарыңыз қоғамдық көлікте немесе адам көп жерде болып, дыбыс қосуға мүмкіндік болмайды. Сондай кезде оларға түсінікті болу үшін қысқаша ақпарат жазып қойған дұрыс.

«Хэндс фри» функциясы. Аудиторияға гитарада қалай ойнайтыныңызды немесе қалай ас әзірлейтініңізді көрсеткіңіз келе ме? Онда сізге «хэндс фри» көмектеседі. Ол – экрандағы батырманы баспай-ақ сюжет түсіруге мүмкіндік беретін ғажайып функция.

Енді сіз парақшаңызды қызықты әрі мазмұнды ететін фишкалармен таныстыңыз. Алдағы уақытта оқырмандарыңыздың саны көбеюі үшін осы әділ-тәсілдерді пайдаланыңыз.

 

Назгүл Амантайқызы

Осы айдарда

Back to top button